№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

ЖБҚМКҚК

Біліктілік арттыру курстары

 

Марапаттар

https://drive.google.com/drive/folders/1kA_8hsNxZMnSxv5k3ljyi_OcXnw-q2Qg?usp=drive_link

1 Қыркүйек – Білім күні

 

Балаларға білім алудың қуанышты әрі маңызды екенін түсіндіру; Балабақша өміріне қызығушылықтарын ояту, тәрбиешімен және топпен таныстыру; Жаңа оқу жылының басталуына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

   

 

Тілдер мерекесі – Тілдер тазалығы

 

 Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.Балалардың сөздік қорын байыту.

Сауатты, таза сөйлей білуге үйрету.

 

 

Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

 

Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік қалыптастыру. Елтаңба, Ту, Әнұран секілді мемлекеттік рәміздерді таныту.  Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

 

 

 

Жаңа жыл мерекесі

 

Балаларға жаңа жылдың келуін қуанышпен қарсы алуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту (би, ән, ертегі кейіпкерлері).

 

 

 

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

 

Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың достығын түсіндіру.  Балаларға бейбітшілік пен келісімнің құндылығын ұғындыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Бөбекжайымызда 8 - наурыз Аналар мерекесіне орай «Аялаған анашым» атты мерекелік ертеңгіліктеріміз жыл сайын ұйымдастырылып отырады.  Әрбір өткен мерекелік ертеңгілітерімізге құрметті қонақтар, ата-аналар , бөбекжай қызметкерлері қатысады. Ертеңгіліктерде балалаар өз ата-аналарына және қонақтарға өз қолдарымен жасалған сыйлықтарды ұсынады.

 

          Балаларға Наурыз мейрамының ерекшелігін түсіндіру, музыка, би, тақпақтар арқылы баллаардың шығарашылығын дамыту мақсатында бөбекжайымызда «Қош келдің Әз - Наурыз» атты бөбекжай тәриеленушілермен бірге Наурыз мейрамы аталып өтілді.

 

«Өнерлі бүлдіршіндер және ата-аналар»

Мақсаты: Балалар мен ата-аналардың өнерін, шығармашылығын бір сахнада көрсету арқылы отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты арттыру, балалардың бойындағы дарындылықты дамыту.

 

 

«Бірлескен тәрбие – бала болашағының кепілі»

          Ата-аналармен тренинг жүргізудің мақсаты мектепке дейінгі ұйым жағдайында бала тәрбиесі мен дамуына ата-аналардың қатысуын арттыру, өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру болып табылады. Ата-аналар мен педагогтар арасындағы өзара сенімді қарым-қатынас орнату. Баланы бірлесе тәрбиелеуде тиімді серіктестік құру. 

«BabySkills» жобасы

          “BabySkills” жобасы — бұл мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ) балалардың танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын ерте жастан дамытуға бағытталған инновациялық жоба. Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған көпқырлы жұмыс жүйесін енгізу.

           «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама аясында «Әжелер ертегісі» клубымен бірлесе отырып, ұлттық қолөнерге ерте жастан кәсіптік бағдар беру» форумда бөбекжай педагогтері мен бөбекай тәрбиеленушілері

«BabySkills» - ерте  кәсіптік  бағдарлаудың  жаңа  тренді

Рамадинова  Меруерт Куанышевна

«Ұлттық нақыштағы киім және аксессуарлар дизайнері» құзіреттілігі

Қазақ тілі мұғалімі: Хожаберген  Айгерім Амандыққызы,

Тәрбиеші: Қаршығаева Гүлменнұр Қажымуқанқызы

 «Ұлттық құрақ аппликациясы» құзіреттілігі

Тәрбиешілер: Келжанова Жанат Сәрсенбекқызы, Мұратбаева Меруерт Мәлікқызы.

«Қазақ халқының киіз өнері – Истинг» құзіреттілігі

Тәрбиешілер: Утесинова Гульмира Жарылгаповна, Садыкова Жансая Абубакирқызы.

«Ұлттық нақышта бисер тоқу» құзіреттілігі

Абилханова Айгүл Амантаевна, Рысқалиева Жазира Әбілқызы

әртүрлі құзыреттіліктер бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

 

          Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» 700 адамның басын қосқан WorldSkills Aktau – 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Жұмысшы мамандығының танымдылығы мен қоғамдағы беделін арттыруды көздейтін WorldSkills Aktau – 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуына «BabySkills» фестивалінің қатысушылары №56 «Жұлдыз» бөбекжайының тәрбиешенушілері қатысты.

 

          Ақтау қаласы «Оқушы орталығында» «BabySkills - 2025» қалалық чемпионаты өтті. «Киім дизайнері», «Агрономия», «3D дизайнері», «Киіз өнері - Истинг», «Құрақ аппликациясы», «Сәндік қолданбалы өнер – Матаға сурет салу» құзыреттілікері бойынша бөбекжайымыздың бүлдіршіндер қатысы. «3D дизайнер» құзыреттілігі бойынша Есмырза Жақұт-Нұр қатысты. Тәлімгері: Хожаберген А.А; «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Жұмағали Расул. Тәлімгері: Абильханова А.А; «Киім дизайнері» құзыреттілігі бойынша Гилман Рамина. Тәлімгері: Қаршығаева Г.Қ; «Киіз өнері - Истинг» құзыреттілігі бойынша Жедибай Сарин. Тәлімгері: Рамадинова М.Қ; «Құрақ аппликациясы» құзыреттілігі бойынша Қыдыржан Дина. Тәлімгері: Келжанова Ж.С; «Сәндік қолданбалы өнер – Матаға сурет салу» құзыреттілігі бойынша Амандыққызы Әмина. Тәлімгері: Нугманова Б.К

 

 

 

«Құрақ құрау өнері» бөлмесі

 

          №56 «Жұлдыз» бөбекжайында 2024 - 2025 оқу жылынан бастап «Құрақ құрау өнері» бөлмесі жасақталды. Бұл «Құрақ құрау өнері» бөлмесі балалардың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын және ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастыруға болады. Мақсаты: Балаларды ұлттық қолөнерге, соның ішінде құрақ құрау дәстүріне баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын және еңбекке деген сүйіспеншілігін дамыту. «Құрақ құрау өнері» бөлмесі –бөбекжайда ұлттық тәрбиені жандандырудың тиімді құралы. Балалар бұл бөлмеде тек өнер үйреніп қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрімен де етене танысады.

 

 

«Әсемдікті ұнатамыз»

«BabySkills - 2024» қалалық кәсіби чемпионатының қорытындысымен «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ бөбекжайымызға «Құрақ өнері – ерте жастан еңбекке тәрбиелеу және кәсіпке баулу құралы» жобасын ұсынған болатын. Аталмыш жобаға биылғы оқу жылынан бастап жоспар құрылып, әртүрлі тәжірибеде шаралар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес шараның бірі барлық педагогтердің қатысуымен «Әсемдікі ұнатамыз» байқауы өткізілді.

Мақсаты: мақсатқа жету үшін бәсекелестікті қалыптастыру, құрақ өнерін кеңінен насихаттау. Құрақ өнері бөлмесінің материалдық базасын толықтыру. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар төрт топқа бөлініп, жарысқа түсті. Нәтижесінде құрақ өнері туралы көптеген мағұлматтар жинақталды. Байқаудың қорытындысымен үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталды.

 

 

«Құрақ құрау - бірігудің белгісі»

Түстерді танып, орналастыру арқылы әсемдікке үйрету, ауызбіршілікке, достыққа баулу.

Педагог білімін жетілдіру

          Worldskills стандарттарына негізделген «Babyskills» және «Dalaskills» жобалары арқылы балалардың ерте жастан кәсіптік бағдарын айқындау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесін жетілдіру. Білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу.

          Абильханова Айгул Амантаевна «Worldskills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» республикалық семинар-практикумында өз тәжірибесімен бөлісті

Әжемнің ертегісі

          «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» бөбекжайымызда биыл 2024-2025 жылында «Әжелер мектебі» клубының жоспары құрылды. Бұл жобаның мақсаты балаларды ертегіні тыңдай отырып, балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттап баланың бойына ерте жастан еңбекке тәрбиелеп және үлкенге құрмет көрсетуге, отаның сүюге, достыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

 

  

«Бауырсақ» ертегісі

Әжеміздің қиялынан туған заманауи «Бауырсақ ертегісі»

 

Бесік жыры – бар тәлімнің бастауы

Бесік жыры - тек әуен емес, ол – тәлімнің, тәрбиенің, ұлттық дүниетанымның бастауы. Осы жырлармен өскен ұрпақ ана тілін, мәдениетін, елін құрметтеуді үйренеді.

 

 

 

 

Әжелер сөзі – тәрбие көзі

Әже – мейірім мен даналықтың, шексіз махаббат пен өмірлік тәжірибенің кәусар бұлағы. Оның әрбір айтқан сөзі – жүрекке жылы, санаға сәуле құятын тәрбие мектебі. «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» деген нақылдың төркіні де осында: олардың ақылы – ұлттың ұлағаты, үні – ұрпақтың бағдары.

 

 

 

 

 

«Әжелер ертегісі» клубы мүшелері

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құрылған әжелер клубы. «Әжелер ертегісі» клубы мүшелерінен сазды әуен.

 

 

«Кітаппен дос болайық» акциясы

Балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

 

 

«Мен зерттеушімін» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, қарапайым зерттеу дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаға бақылау жасауды, тәжірибе арқылы үйренуді дамыту, балалардың ойлау, салыстыру, талдау қабілеттерін жетілдіру және зерттеушілік әрекетке қызығушылығын ояту.
«Мен зерттеушімін» қалалық байқауы №56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогі Максимова Гауһар Серікқызы мен бөбекжай тәрбиеленушісі Жуманазарова Гулаш қалалық кезеңнен ІІІ орын иеленді.

 

«Айгөлек» байқауы

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетке баулу, ұлттық өнер мен дәстүрге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың өзін еркін сезінуіне және жан-жақты дамуына жағдай жасау.
«Айгөлек» №56 «Жұлдыз» бөбекжайының музыка маманы Акмурзаева Татьяна Коспаевнамен бірге Казихан Көзайым қалалық кезеңнен «Үздік әнші» номинациясын иеленді.

 

«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің бірлігі мен шығармашылығын насихаттау, ата-ана мен баланың арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балаларды еңбексүйгіштікке, қолөнер мен шығармашылыққа баулу арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу және мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру.
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қалалық байқауында №56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогтері Акмурзаева Татьяна Коспаевна, Тасеменова Венера Сансызбайқызы және бөбекжай тәрбиеленушісі Уәли Бексұлтан қалалық кезеңнен ІІІ орын иеленді.

 

«Ханталапай» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазақтың ұлттық ойындарын таныстыру, олардың дене қимыл-қозғалысын, ептілігін, шапшаңдығын дамыту, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру және салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
«Ханталапай» ұлттық ойынынан №56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогтері Қаршығаева Гулменнұр Қажмұханқызы, Рамадинова Меруерт Қуанышовна және бөбекжай тәрбиеленушілері Жедибай Сарин Саламатұлы, Берікқызы Аяна, Гилман Рамина Ерболатқызы, Қуаныш Айтоты Мерекеқызы, Қыдыржан Дина Ардаққызы, Ғабит Байжан Бақытжанұлы, Буркіталы Ақарыс Дастанұлы, Сағидолла Олжас Маратұлы қалалық және облыстық кезеңнен І орын, Республика кезеңнен І орын иеленді.

 

«Өнерім саған - Қазақстан!» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру, өнер арқылы мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
«Өнерім саған – Қазақстан» обасылық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжайының музыка маманыАкмурзаева Татьяна Коспаевамен бірге Исағали Айсана қалалық кезеңнен ІІІ орын иеленді.

 

«Шаңырақ» отбасылық байқау
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге сүйене отырып, бала тәрбиесінде отбасының рөлін арттыру және ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
«Шаңырақ» обасылық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжай педагогі Сыдыкова Нурзада Аблаевна мен тәрбиеленуші Қайыржан Алхамбек еркебұланұлы қалалық кезеңнен І орын иеленді, облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді.

 

“Қазақшаң қалай, балақай?” байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілін меңгеруге ынталандыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту және тіл үйрену үдерісінде шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
“Қазақшаң қалай, балақай?” атты қалалық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжай педагогі Тасеменова Венера Сансызбайқызы мен бөбекжай тәрбиеленушілері қалалық кезеңнен ІІ орын иеленді, облыстық ІІІ орын иеленді.

 

“Менің қауіпсіз әлемім” байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіздік ережелері туралы түсінігін қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған мінез-құлық дағдыларын дамыту, қоршаған ортада қауіпсіз әрекет ету мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ тәрбиешілер мен ата-аналардың балаларды қауіпсіздікке баулу ісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
«Менің қауіпсіз әлемім» атты қалалық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжай педагогы Мұратбаева Меруерт Мәлікқызы ІІІ орын иеленді!

Маңғыстау облысы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған Республикалық біліктілікті арттыру курсының әдістемелік семинар-практикумы

 

 

"Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  жаңарту: жаңа бағыт, жаңа көзқарас" тақырыбындағы  қалалық  форумының  секциялық  алаңы

 

 

Қалалық  "Құрақ  өнері" шеберханасының  жұмыс  жөніндегі жобаны  іске асыру бойынша әдістемелік  семинары

 

 «Ұлттық қолөнерді мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастан үйретудің тәрбиелік маңызы»  тақырыбындағы  облыстық  семинар

 

 

 

"WorldSkills Aktau 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуына "BabySkills" фестивалі

 

«Мектепке  дейінгі  білім  беру  үдерісндегі  білім  беру  сапасын  арттырудың  инновациялық  техгнологиялары» тақырыбындағы  қалалық  қауымдастық  семинары

 

"Дәстүрдің  дара  жолы - әжелер  мектебі"

«Әжелер  клубының»  мүшесінің   қатысуымен

 

 

 

"Мақсатымыз - баланың  жүрегіне  жарық  сыйлау"

Мектеппен  сабақтастық  арасындағы  шебер  сынып

 

 

Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы "BabySkills-2025" қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты

 

 

«Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  ұлттық  құндылықты ойын  арқылы  дамыту»  тақырыбындағы  қалалық  құзыреттілік  семинары

 

Ұжымдағы  бірлескен  сенбілік

 

               Сенбілік – бұл тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамдағы тәртіп пен бірліктің, еңбекке деген құрметтің көрінісі. Әсіресе, білім беру ұйымдарында өткізілетін сенбіліктер – балаларға үлгі көрсету, табиғатты аялау мен ұжымдық еңбекке баулудың тиімді жолы.

               №56 «Жұлдыз» бөбекжайында әр көктем мен күз мезгілінде дәстүрлі сенбілік жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл іс-шараның мақсаты:

  • Аула аумағын тазалау;
  • Ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптау;
  • Қоқысты жинап, қайта өңдеуге сұрыптау;
  • Балаларға табиғатқа қамқор болуды үйрету.

               Сенбілік кезінде тәрбиешілер, ата-аналар және техникалық қызметкерлер бірлесе еңбек етеді. Бұл өз кезегінде ұжымда ұйымшылдықты нығайтып, балаларға үлкен үлгі бола алады.

               Бүлдіршіндерге сенбілік жайлы арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Таза аула – таза болашақ», «Қолыңмен емес – жүрегіңмен тазарт» сияқты ұрандармен экологиялық тәрбие күшейтіледі.

Бақшадағы төрт  мезгіл

               Табиғат – балалар үшін ең үлкен тәрбиеші. Балабақша ауласындағы табиғат бұрышы, гүлзарлар, ағаштар мен көкөніс егілген алаң – баланың жан дүниесін байытып, қоршаған ортамен етене танысуына жол ашады. Ал төрт мезгілді бақшада бақылау – баланың дүниетанымын дамытудың ең тиімді жолдарының бірі.

🌸 Көктем – тіршіліктің оянар шағы

Көктемде балалармен бірге табиғаттың жаңаруын бақылау – ерекше әсер береді.

  • • Қар еріп, жер көктейді;
  • • Ағаштар бүршік атады;
  • • Құстар ұшып келеді, ұя салады.

Біз балалармен бірге құстарға ұя жасап, бақшаға гүл егіп, алғашқы еңбек әрекеттеріне қатысуға үйретеміз. Бұл балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.

               Жаз – еңбектің, бақылаудың қызған уақыты. Жаз – бақшадағы ең белсенді кезең.

  • • Балалар бақшаны суарады, арам шөп жұлады;
  • • Көкөніс пен гүлдердің өсуін бақылайды;
  • • Табиғи өзгерістерді күнделікке белгілейді.

Жазда серуендер көбіне табиғатта өтеді, балалар көбелектерді, жәндіктерді бақылайды, зерттеу қызығушылығы артады.

               Күз – молшылық пен береке маусымы. Күзде біз балалармен бірге егін жинау науқанын өткіземіз.

  • • Көкөніс, жеміс теріп, дәмін көру – балаға еңбек қуанышын сездіреді;
  • • Ағаш жапырақтарының өзгерісін, ауа райының салқындауын түсіндіреміз;
  • • Табиғи материалдармен қолөнер жұмыстарын ұйымдастырамыз.

Күзгі серуендер – балалардың қоршаған ортаны тануға деген қызығушылығын арттырады.

               Қыс – тыныштық пен бақылау кезеңі. Қыста табиғат ұйқыға кетеді. Бұл мезгілде балалармен:

  • • Қардың қасиеттерін (еріп, қату) зерттейміз;
  • • Құстарға жем шашамыз;
  • • Ағаштардың жапырақсыз қалуын бақылаймыз.

Қысқы ойындар арқылы шынығу, денсаулықты сақтау, қармен ойнау арқылы тактильдік сезімді дамыту жұмыстары жүргізіледі.

               «Бақшадағы төрт мезгіл» – балалардың табиғатпен байланысын арттырып, бақылау, еңбек ету, қамқорлық көрсету қабілеттерін дамытатын тамаша тәрбие құралы.

               №56 «Жұлдыз» бөбекжайында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Табиғат бұрышында балалар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біліп, өмірлік тәжірибе жинақтайды. Әр мезгіл – бала үшін жаңа білім, жаңа әсер, жаңа қуаныш көзі.

1 1 1 1 1 1 1

 

 

Жиһаздың кеңістікте дұрыс орналастырылуы мен эргономика

талаптарына сәйкестігі

               Мектепке дейінгі ұйымдарда эргономикалық шешімдер – балалардың денсаулығын, қауіпсіздігін, белсенділігін және зейінін сақтау үшін аса маңызды. Мұндай шешімдер педагогтер мен балалардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жайлы әрі тиімді орта құруға бағытталған.

  1. 1. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай жиһаздар
  • • Орындықтар мен үстелдердің биіктігі баланың бойына сәйкес болуы тиіс (ЕРЕЖЕ: баланың тізесі 90° бұрышта бүгілген, табаны толық еденде).
  • • Жиһаздың бұрыштары доғал, қауіпсіз болуы керек.
  • • Түстері тым ашық емес, көзге жайлы.
  1. 2. Ойын және демалыс аймақтарын дұрыс ұйымдастыру
  • • Ойын бұрыштары кең, қозғалысқа кедергі жасамайтындай заттық  дамытушы  орта  дұрыс  құрылып, тиісті  құзыреттілік  орталықтары    болуы керек.
  • • Ұйымдастырылған  іс - әрекет және тынығу аймақтары бір-бірінен бөлек, бірақ қолжетімді орналасуы керек.
  • • Кілемшелер мен жұмсақ төсеніштер – құлаудан қорғайды және жайлылық береді.
  1. 3. Жарықтандырудың табиғи және жасанды үйлесімі
  • • Табиғи жарық жеткілікті болуы қажет.
  • • Жасанды жарық жұмсақ, көзге зиянсыз болуы керек (күндізгі жарық шамдары).
  • • Жарықтың түсу бағыты балалардың көзіне немесе үстелге тікелей түспеуі тиіс.
  1. 4. Педагогке арналған эргономикалық жағдайлар
  • • Құзыреттілік  орталықтарын  өзгертіп  отыруға  ыңғайлы  қозғалмалы  жиһаздар.
  • • Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс аймағы (құжаттарға, құралдарға оңай қолжетімділік).
  1. 5. Ауаның сапасы мен температура режимі
  • • Үнемі желдетіліп тұратын бөлме (табиғи немесе жасанды жолмен).
  • • Ылғалдылық деңгейі: 40–60% аралығында.
  • • Температура: 20–22 °C (ойын), 18–20 °C (ұйқы кезінде).
  1. 6. Түстік және акустикалық шешімдер
  • • Бөлмедегі түс схемасы – тыныштандыратын, жылы және табиғи реңктер (мысалы, ашық көк, жасыл, сары).
  • • Дыбысты сіңіретін материалдар қолдану (кілем, перде, қабырға панелі) – шуды азайтып, зейінді арттырады.
  1. 7. Қозғалыс белсенділігіне арналған мүмкіндік
  • • Кең бөлме – балалардың еркін қозғалуы мен дене белсенділігіне жағдай жасау.
  • • Эргономикалық гимнастика мен сергіту жаттығулары – ұзақ отырудың алдын алады.
  1. 8. Қол жуғыштар мен әжетхана құралдарының бейімделуі
  • • Баланың бойына сай биіктікте орналасқан раковина мен унитаз.
  • • Қолды құрғатуға арналған жеке сүлгілер немесе қағаз орамдар.
  • • Сусабындар мен сабындар оңай қолжетімді, теріге қауіпсіз болуы тиіс.
  1. 9. Заттарды сақтау жүйесі
  • • Балалар ойыншықтарды өздері алып, қайта қоя алатындай биіктікте.
  • • Ашық сақтау жүйелері – тәртіпке, дербестікке үйретеді.
  1. 10. Іс – әрекет барысын ұйымдастыруда әртүрлі қалыпты қолдану
  • • Балаларды тек үстелде ұзақ отырғызбау.
  • • Ұйымдастырылған  іс – әрекетте отырып, тұрып, еденде отырып өткізу – дене мен ой белсенділігін теңестіреді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Бейнелеу циклограмма, перспектива

  Бейнелеу ересек топ перспектива,циклограмма

  Бейнелеу мад топ перспектива, циклограмма

Дене шынықтыру

  Ересек топ дене шынықтыру перспектива, циклограмма

  мад топ дене шынықтыру перспектива, циклограмма

  ортаңғы топ дене шынықтыру перспектива,циклограмма

Музыка

  музыка  ересек  топ перспектива, циклограмма

  музыка  кіші топ перспектива, циклограмма

  музыка  ортаңғы топ перспектива, циклограмма

  музыка мад топ перспектива, циклограмма

Қазақ тілі

  қазақ тілі мад топ перспектива, циклограмма

№1 Қызғалдақ тобы ортаңғы топ

  1 топ перспектива

  1 топ циклограмма

№10 Қарлығаш ересек топ

  10 топ перспектива

  10 топ циклограмма

№11 Аққу МАД топ

  11 топ перспектива

  11 топ циклограмма

№13 Жауқазын МАД топ

  13 топ перспектива

  13 топ циклограмма

№14 Бәйшешек ересек топ

  14 топ перспектива

  14 топ циклограмма

№3 Балдырған ортаңғы топ

  3 топ перспектива

  3 топ циклограмма

№4 Балапан ортаңғы топ

  4 топ перспектива

  4 топ циклограмма

№5 Бүлдіршін кіші топ

  5 топ перспектива

  5 топ циклограмма

№6 Түймедақ ортаңғы топ

  6 топ перспектива

  6 топ циклограмма

№7 Ақжелкен МАД топ

  7 топ перспектива

  7 топ циклограмма

№8 Айгөлек ересек топ

  8 топ перспектива

  8 топ циклограмма

№9 Гүлдер МАД топ

  9 топ перспектива

  9 топ циклограмма

 

Бейнелеу  перспектива, циклограмма

Вариативтік  компонент (хореография)

дене шынықтыру перспектива, циклограмма

Музыка перспектива, циклограмма

№1 Қызғалдақ  ортаңғы  топ

  №1 топ перспектива

  №1 топ циклограмма

№10 Қарлығаш  мад топ

  №10 топ перспектива

  №10 топ циклограмма

№11 Аққу  ересек  топ

  №11 топ перспектива

  №11 топ циклограмма

№13 Жауқазын  ересек  топ

  №13 топ перспектива

  №13 топ циклограмма

№14 Бәйшешек  мад  топ

  №14 топ перспектива

  №14 топ циклограмма

№3 Балдырған  ортаңғы  топ

  №3 топ перспектива

  №3 топ циклограмма

№4 Балапан  ортаңғы  топ

  №4 топ перспектива

  №4 топ циклограмма

№5 Бүлдіршін кіші топ

  №5 топ перспектива

  №5 топ циклограмма

№6 Түймедақ  ортаңғы  топ

  №6 топ перспектива

  №6 топ циклограмма

№7 Ақжелкен  мад  топ

  №7 топ перспектива

  №7 топ циклограмма

№8 Айгөлек  ересек  топ

  №8 топ перспектива

  №8 топ циклограмма

№9 Гүлдер  ересек  топ

  №9 топ перспектива

  №9 топ циклограмма