«№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» 2006 жылдың сәуір айында 29.12.2005 жылы №1467 Ақтау қаласы әкімшілігі қаулысымен Құрама үлгідегі №56 «Жұлдыз» балабақшасы болып ашылды.
2014 жылы «№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» МКҚК болып ауысты.
2021 жылы «№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК қайта тіркелді. Бөбекжай құрылымы бойынша бала сыйымдылығы – 320.
5 күндік 10,5 сағаттық күн кестесімен 12 топ жұмыс жасайды.
Бөбекжайда оқу-тәрбие жұмыстары «қазақ» тілінде жүргізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс – әрекеттер бекітілді.
«№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК-ның материалдық – техникалық базасы талаптарға сай, топтар қажетті құралдармен толық жабдықталған, эстетикалық талғамға және балалардың жас ерекшеліктеріне сай 12 топта балалар қазақ тілінде тәрбиеленуде. Бөбекжайда ән-саз залы, бейнелеу өнері кабинеті, дене тәрбиесі залы спорттық құралдармен және әдістемелік көрнекі құралдармен жасақталған.
Ақтау қаласының «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілуде.
- Ұлттық нақыштағы этнобөлме; мобильді балалар кітапханасы; құрақ өнері бөлмесі; сенсорика кабинеті;
- «Әжелер ертегісі» клубы;
- Консультациялық, әдістемелік көмек көрсету бойынша ата – аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысы;
- Заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру;
- Балабақшаларда «BabySkills» - ерте кәсіптік бағдарлау» жобасының жұмысы;
- Білім беру округін құру;
Оқу жұмыс жоспарларында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны «Физикалық қасиеттерді дамыту», «Коммуникативтік дағдыларды дамыту», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту», «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру» дағдылары қамтылған. «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» дағдысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту «Қазақ тілі» ұйымдастырылған іс-әрекеті Үлгілік оқу жоспарға сәйкес жүргізілген.
«Біздің бөбекжай – болашақтың тұғыры»
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиеші сол кілтті табуға тырысуы керек» - деп М.Шаханов айтқандай бөбекжай тәрбиешілері бүлдіршіндер тәрбиесіне өз үлесін қосып қана қоймай, оларға өз ата-анасындай мейірімділік танытып, балапандарды бауырларына тарта білді.
Бөбекжайымызда балаларға білім, тәлім-тәрбиемен қатар салт-дәстүр, тіл үйрету, жаңа технология бағыттарында жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, балалардың уақытында тамақтануы, мезгілінде ұйықтап, күн тәртібін сақтауы, бала денесінің дамуына әсер етеді. Бөбекжайда баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына барлық жағдай жасалған.
«Жұлдыз» бөбекжай мекені, - деп балаларды алтын ұя – мектепке білім алуға шығарып саламыз. Бөбекжай ұжымы өз бүлдіршіндерінің болашақта Қазақстанның дамуына зор үлес қосатынына үлкен сенім білдіреді!!!