Соңғы жаңалықтар
28.11.2024 Заманауи «Бауырсақ» ертегісі
28.11.2024 Бүгін бөбекжайымызда Маңғыстау
28.11.2024 Құрақ өнері бөлмесі
28.11.2024 Ертегілер еліне саяхат
Облысымыздың Mangystautv телеканалындағы 10-11 мамыр 2021жылғы “Арай” бағдарламасындағы бөбекжайымыздың тәрбиеленушілерінің таңғы тілектері
#Mangystautv Маңғыстау Телеарнасы
Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ортылығы “Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту және сауықтыруда жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы” тақырыбындағы облыстық вебинарға қатысқаны үшін дене шынықтыру маманы Ниязкулова Эльмира Сайлаубаевнаға алғыс берілді. Марапат мəртебені өсіреді. Мəртебеңіз əрқашан биік болсын деп Эльмира Сайлайбайқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 76 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қатысушы Ермекбай Абдулла, жетекші бейнелеу маманы Нугманова Ботакөз
Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Әрбіріміздің отбасымызда амандық болып, жылдан жылға аман-есен, төрт көзіміз түгел жете берейік. Шаңырағымызда құт-береке, шаттық-мереке, бақыт пен қуанышты күндер мәңгі тұрақтасын. Ұл-қыздарымыз бақытты-баянды өмір сүріп, ізгі армандары орындала берсін. Ынтымағымыз жарасып, жақсы да жағымды қасиеттеріміз бен іс-әрекеттеріміз жүрген ортамызда мәртебемізді асқақтата берсін!
Бөбекжайішілік “Жетістіктер апталығы” № 11”Аққу” мад тобы Тақырыбы: “Менің отбасым” Мақсаты: Балалардың “Отбасы” тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, отбасында кімдер тұратынын, отбасы мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын айта алуға үйрету. Сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға машықтану. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, тілін дамыту. Өзара сыйластыққа, кішіпейілділікке, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Уразбаева Ж.Б
Бөбекжайішілік “Жетістіктер апталығы” № 1”Қызғалдақ” ортаңғы топ Тақырыбы: “Театр әлемінде” Мақсаты: Балаларға театр туралы түсінік беру; театр түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету; театрландырылған ертегіні сахналауда оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру. Театр өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тәрбиеші:Кесикбаева А.М
"Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көшпенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған", - дейді.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.