Бөбекжайымыз 1 қыркүйек- Білім күні мерекесіне орай мерекелік іс- шара өткізілді.
Мақсаты: Балаларға Білім күні туралы түсінік беру. Өз туған еліне, Отанына балабақшасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Жаңа оқу жылында береке, табыс және сәттілік тілейміз!🌹🌹🌹
«Біздің бөбекжай-заманауи оқу-тәрбие ошағы»
-Педагогикалық кеңесте алдағы оқу жылына көптеген жоспарлар құрылды.
-Біліктілік санатын алған педагогтерге куәліктері табысталды.
Бөбекжай басшысы жаңа оқу жылында атқарылатын іс-шаралар мен жұмыстарды сапалы, әрі жоғары деңгейде атқаруды тапсыра отырып, қызметкерлерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, жоғары жетістіктерге жету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Баланың өзін-өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.