№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

ЖБҚМКҚК

"Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көшпенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған", - дейді.

"Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. "Наурыз" сөзі "жаңа күн" дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді "наурыз" демей "амал" деген.

Бөбекжай ұжымы да амал мерекесін қарсы алдық. "Наурыз-жыл басы" апталығы ұйымдастырылып “Ұлттық киім үлгісі” және “Келіні жақсының керегесі алтын" атты байқаулары өткізілді. Жүлделі орындармен марапатталды.
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!