Ақтау!
Ақтау!
Ақ құба, ақ маңдайлым!
Көгімнен нұр жауғанда Жүрегіме,
Көңілден кір – кетеді, бастан қайғым!!!
Кереметтің өтейін – жырлап бәрін,
Ақтау!
Ақтау!
Тым ыстық, нұрлы ақ таңың!
Келем десең – ағайын, Ақтауға кел,
Көрем десең – қызарып Күн батқанын!
Ғажабына жетпейді баға сірә,
Ақтау!
Ақтау!
Маңғыстау даласын(д)а!
Ақпандағы «Аққуды» көруге кел,
Ақтаудағы теңіздің жағасына!
Жүректерге тұратын толтырып ән,
Ақтау!
Ақтау!
Әуелден – Халқы қыран!
Дара тұрған жағада – АҚТАУға кел,
Жаратылған – Каспийдің толқынынан!!!