Маңғыстауда журналистер мен инфлюенсерлер озық тәжірибемен танылған ең үздік білім беру ұйымдарын аралады.
Инфлюенсерлердің қатарында педагогика ғылымдарының кандидаты, «Үркер» зияткерлік орталығының директоры Анар Тугельбаева, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры директоры Зәуреш Колумбаева, блогер, pedsovet.kz парақшасының авторы Станислав Кауров бар.
Инфлюенсерлер Ақтау қаласындағы №56 «Жұлдыз» бөбекжайының ең үздік деп танылған BabySkills жобасымен танысты. Баланы ерте жастан бастап кәсіпке баулу, мамандық таңдауға көмектесетін теңдессіз жобаның мақсаты үлкен.Ақпараттық турға қатысушы инфлюенсер мамандар озық тәжірибелерді республика көлемінде таныту керек екенін айтты.