№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

ЖБҚМКҚК

23.02.2024 жылы «Балабақша – Мектеп - Колледж» білім беру ұйымдарының арасында «WorldSkills Aktau» чемпионатының құрамдас бөлігі «DalaSkills» чемпионатын өткізу мақсатында «Babyskills» жобасы - мектепке дейінгі жастағы балаларды ерте кәсіптік бағдарлау жұмыстарының технологиясы және әдістемесі» тақырыбында №56 «Жұлдыз» бөбекжайының директоры Иманалиева Айгуль Шабазовна мен «Оқушы сарайы» директоры Каримова Алмагуль Каримовнаның ұйымдастыруымен серіктестік тәжірибе алмасу семинар – практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің «Babyskills» жобасы бойынша теориялық және тәжірибелік даярлығының деңгейін арттыру, мектепке дейінгі жастағы балалармен ерте кәсіптік бағдарлауда қажетті практикалық дағдыларды жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу. Педагогтердің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін арттыру. Семинарға Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің, «Оқушы» орталығының, «№56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогтері қатысты.Семинар барысында сарапшылар Каргамбаева Ж.Б., Назарова Ф.Н., Канатова А.С., Изимбердиева Г.Т. тәрбиешілерге төрт құзіреттілік «Ұлттық құрақ аппликациясы», «Ұлттық нақышта бисер тоқу өнері», «Ұлттық нақышта киім және аксессуарлар», «Киіз өнері». бойынша шебер-сыныптар өткізді. Тәрбиешілер семинардан алған білімдерін пысықтап, алдағы өтетін чемпионатқа дайындық жүргізуді көздеп отыр.Семинар өте жоғары деңгейде өтіп, бұдан әрі Балабақша – Мектеп - Колледжбен тығыз байланыс орнататынын алға тартып, тәрбиешілер спикерлерден көп тәжірибе алғанын атап айтты. Бөбекжай директоры спикерлерге алғыс білдіріп, алғыс хаттарын табыстады.