«Жұлдыз» бөбекжайында ұжымдық жиналыс өткізілді. Жиналысқа ардагер ұстаз Рсқалиева Б. қатысты
Күн тәртібі:
1. Директордың 2023 жылғы жұмысы бойынша, соның ішінде қаржы қозғалысы туралы есебі / директор Иманалиева А.Ш / есепші Джарилгасова А.К/
2. Кәсіподақтың жылдық жұмысы туралы есебі / кәсіподақ ұйымы төрайымы Калинбаева Г.А/
3. Педагогикалық әдеп қағидалары / Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Тасеменова В.С/
Бөбекжай директоры Иманалиева А.Ш 2023 жылдың жұмысы бойынша, соның ішінде қаржы қозғалысы туралы есебімен бөлісті.
Бөбекжай кәсіподақ ұйымының төрайымы Калинбаева Галия Арыстановна кәсіподақ ұйымының жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша және еңбек жалақысынан ұсталған жарнаның жұмсалуы жөнінде баяндады.
Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Тасеменова Венера Сансызбаевна әдеп ережелеріне сәйкес педагогтердің кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасы туралы және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы жөнінде түсінік берді.