№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

ЖБҚМКҚК

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үшін жетістіктері мен ризашылығы мол 2023 жыл айтулы шығармашылық пен жаңарудың жылы болып есте қалды. Бөбекжайымызда жас ерекшелігіне сай жобалық қуаты – 320 орында 100% тәрбиеленушілермен қамтылған. 2-6 жас аралығында 12 топ мемлекеттік тілде жұмыс жасайды. Ұжымда 65 қызметкер жұмыс атқарады. Соның ішінде педагог саны – 35; 21 педагог жоғары білімді, 14 педагог арнаулы орта білімді. Басшы – ұйымдастырушы – 1 педагог, жоғары санатты – 5 педагог, І санатты – 4 педагог, ІІ санатты – 1 педагог, модератор – 5 педагог; Бөбекжай – жалпы білім беру жүйесінің алғашқы және өте маңызды баспалдағы болып табылады. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымының мақсаты: «Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып ұлттық мәдениет пен салт –дәстүрді бала тәрбиесінде кеңінен қолдану», «Ата – ананың мектепке дейінгі ұйыммен тығыз байланысын арттыру» «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс – әрекеттер бекітілді. Мекемедегі педагогикалық - ұйымдастыру шаралары: ертеңгіліктер, сауықтырулар, мерекелер, саяхаттар, тақырыптық іс-әрекеттер, т.б. жылдық жоспарға сай жүргізілді. Атап айтқанда, 2023 жылы қалалық, облыстық семинарлар өз дәрежесінде өтіп, «өте жақсы» деген бағаға ие болды; - «Жетістіктер апталығы»; - Қалалық семинар: "Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың маңыздылығы"; - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы: КТС "Мектепке дейінгі топтың заттық - кеңістіктік дамытушы ортасы. Педагогтің ойынды ұйымдастырудағы рөлі"; - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы. КТС "Ерте жастағы балалардың ойын әрекеттерін талдау"; - Қалалық семинар: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде Маңғыстау өңірінің құндылықтары мен өркениетін дәріптеу арқылы рухани – адамгершілік дағдыларын қалыптастыру» - Қалалық қауымдастық семинар: "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары" спикер тәрбиеші Кесикбаева А.М қатысты; 2023 жылы өткен іс – шаралар мен бөбекжай жетістіктері: - Қалалық байқау: "Оқушылар орталығы" КММ «Worldskills Aktau - 2023» чемпионаты аясында КММ "Babyskills"- "Ерте кәсіби бағдар беру; - Қалалық байқау: "Оқушылар орталығы" КММ "Babyskills"- "Ерте кәсіби бағдар беру мақсатында балабақша базасында ерте кәсіби сынамалар алаңын ұйымдастыру"; - Облыстық байқау: "Оқушы орталығы" КММ «Babyskills» жобасы Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен ерте кәсіптік бағдарлау жұмыстарының технологиясы мен әдістемесі; - Республикалық семинар: Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде "Worldskills стандарттарына негізделген «Babyskills», "Dalaskills"жобалары"; - Қалалық байқау: «Шымырлық пен шеберлік күні», «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» ІІ орын; - Қалалық байқау: «Шымырлық пен шеберлік күні», «Ханталапай», «Ең алғыр бүлдіршіндер» номинациясы; - Облыстық байқау: «Шымырлық пен шеберлік күні», «Әке көрген оқ жанар, Шеше көрген тон пішер» ІІІ орын; - Қалалық байқау: 2023 жылы «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалі «Ең көңілді бишілер» номинация; - Қалалық қауымдастық байқауы: «Жас толқынның жұлдыздары» шығармашылық би байқауы «Талантты бүлдіршіндер» номинациясы; - Қалалық сурет байқауы: "Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ "Актау, любовь и жизнь моя" сурет байқауы І орын; - Қалалық сурет байқауы: "Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ "Актау, любовь и жизнь моя" ІІ орын; - Қалалық байқау: "Менің елім-Қазақстан" патриоттық әндер сайысы ІІІ орын; - Қалалық байқау: Қалалық Этностардың (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларымен бірге қатысуымен «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы ІІ орын; - Қалалық байқау: "Әкем асқар тауым" бейнероликтер байқауы ІІ орын; - Облыстық байқау: Этностардың (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларымен бірге қатысуымен «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы; "Дәстүрін дәріптеген отбасы" номинациясы - Қалалық спорттық жарыс: «Мы дети Казахстана» ІІ орын; Бөбекжайымыз материалдық – техникалық базасы толықтырылды Бөбекжайдың материалдық базасына сатып алынған жабдықтар: - моноблок -3 дана; - принтер – 3 дана; - ноутбук -1 дана; - заманауи интерактивтік тақта; - кітапханаға арналған кілем; - этно бөлмесіне арналған кілем; - кітапханаға арналған планшеттер-3 дана. 2. Топтарға жүргізілген жұмыстар: - 12 топтың балаларға арналған киім ілгіш сөрелері жаңартылды; - 12 топтың қабылдау бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; - 6 топтың перделері жаңартылды; - 7 топқа жалюзи орнатылды; - 3 топтың жатын бөлмелеріндегі төсек орын жиһазы жаңартылды. - 6 топқа шаңсорғыш сатып алынды; 3. Жертөлеге жүргізілген жұмыстары: - жылу сорғыш құрылғысы орнатылды. 4. Асханаға сатып алынған негізгі құрал жабдықтар : - картоп тазалағыш машинасы; - өндірістік ет тартқыш; - өндірістік су қайнату қазандығы; - өндірістік қамыр илеу қондырғысы; 5. Топтарға сатып алынған негізгі құрал жабдықтар: - бөлме салқындатқыштары-13 дана; - ойын бөлмелеріне арналған кілем. 6. Кір жуу бөлмесіне сатып алынған негізгі құрал жабдықтар: - кір жуу машинасы-2 дана. 7. Музыкалық залға жүргізілген жұмыстар: -сахна және терезе перделері жаңартылды; -жалюзи орнатылды; -сахна кілемі сатып алынды. 8. Сурет салу кабинетіне жүргізілген жұмыстар: - сурет салу кабинетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9. Медбике кабинетінде жүргізілген жұмыстар: -медбике кабинетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; -құжат сақтауға арналған шкафтар сатып алынды; -дәрі-дәрмектер сақтауға арналған сөре шкаф сатып алынды; -жалюзи орнатылды; -медбикеге жаңа компьютер сатып алынды. 10. Дене шынықтыру залына жүргізілген жұмыстар: -дене шынықтыру залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; 11. Бөбекжай дәліздеріне жүргізілген жұмыстары: -перделер сатып алынды; -аспалы шамдар сатып алынды; -бөлме гүлдері сатып алынды; -«БИЗИБОРД» балаларға арналған қол моторикасын дамыту ойыншықтары жарға орналастырылды. 12. 2023 оқу жылында ашылған кабинеттер: - эстетикалық талғаммен және мобильді стендермен жабдықталған балаларға арналған заманауи кітапхана; - ұлттық нақыштағы этно бөлмесі; - сенсорика кабинеті. ​Жоғарыда аталған жұмыстар бүгінгі таңда бөбекжай өмірінің сапалы әрі заманауи жаңашыл болуы жолындағы ізденістердің көрінісі және алдағы уақытта да ауқымы кеңейіп, өз жалғасын таба береді. Келер жылға сәттілік тілейміз!