№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

ЖБҚМКҚК

«BabySkills» жобасы

          “BabySkills” жобасы — бұл мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ) балалардың танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын ерте жастан дамытуға бағытталған инновациялық жоба. Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған көпқырлы жұмыс жүйесін енгізу.

           «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама аясында «Әжелер ертегісі» клубымен бірлесе отырып, ұлттық қолөнерге ерте жастан кәсіптік бағдар беру» форумда бөбекжай педагогтері мен бөбекай тәрбиеленушілері

«BabySkills» - ерте  кәсіптік  бағдарлаудың  жаңа  тренді

Рамадинова  Меруерт Куанышевна

«Ұлттық нақыштағы киім және аксессуарлар дизайнері» құзіреттілігі

Қазақ тілі мұғалімі: Хожаберген  Айгерім Амандыққызы,

Тәрбиеші: Қаршығаева Гүлменнұр Қажымуқанқызы

 «Ұлттық құрақ аппликациясы» құзіреттілігі

Тәрбиешілер: Келжанова Жанат Сәрсенбекқызы, Мұратбаева Меруерт Мәлікқызы.

«Қазақ халқының киіз өнері – Истинг» құзіреттілігі

Тәрбиешілер: Утесинова Гульмира Жарылгаповна, Садыкова Жансая Абубакирқызы.

«Ұлттық нақышта бисер тоқу» құзіреттілігі

Абилханова Айгүл Амантаевна, Рысқалиева Жазира Әбілқызы

әртүрлі құзыреттіліктер бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

 

          Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» 700 адамның басын қосқан WorldSkills Aktau – 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Жұмысшы мамандығының танымдылығы мен қоғамдағы беделін арттыруды көздейтін WorldSkills Aktau – 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуына «BabySkills» фестивалінің қатысушылары №56 «Жұлдыз» бөбекжайының тәрбиешенушілері қатысты.

 

          Ақтау қаласы «Оқушы орталығында» «BabySkills - 2025» қалалық чемпионаты өтті. «Киім дизайнері», «Агрономия», «3D дизайнері», «Киіз өнері - Истинг», «Құрақ аппликациясы», «Сәндік қолданбалы өнер – Матаға сурет салу» құзыреттілікері бойынша бөбекжайымыздың бүлдіршіндер қатысы. «3D дизайнер» құзыреттілігі бойынша Есмырза Жақұт-Нұр қатысты. Тәлімгері: Хожаберген А.А; «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Жұмағали Расул. Тәлімгері: Абильханова А.А; «Киім дизайнері» құзыреттілігі бойынша Гилман Рамина. Тәлімгері: Қаршығаева Г.Қ; «Киіз өнері - Истинг» құзыреттілігі бойынша Жедибай Сарин. Тәлімгері: Рамадинова М.Қ; «Құрақ аппликациясы» құзыреттілігі бойынша Қыдыржан Дина. Тәлімгері: Келжанова Ж.С; «Сәндік қолданбалы өнер – Матаға сурет салу» құзыреттілігі бойынша Амандыққызы Әмина. Тәлімгері: Нугманова Б.К

 

 

 

«Құрақ құрау өнері» бөлмесі

 

          №56 «Жұлдыз» бөбекжайында 2024 - 2025 оқу жылынан бастап «Құрақ құрау өнері» бөлмесі жасақталды. Бұл «Құрақ құрау өнері» бөлмесі балалардың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын және ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастыруға болады. Мақсаты: Балаларды ұлттық қолөнерге, соның ішінде құрақ құрау дәстүріне баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын және еңбекке деген сүйіспеншілігін дамыту. «Құрақ құрау өнері» бөлмесі –бөбекжайда ұлттық тәрбиені жандандырудың тиімді құралы. Балалар бұл бөлмеде тек өнер үйреніп қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрімен де етене танысады.

 

 

«Әсемдікті ұнатамыз»

«BabySkills - 2024» қалалық кәсіби чемпионатының қорытындысымен «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ бөбекжайымызға «Құрақ өнері – ерте жастан еңбекке тәрбиелеу және кәсіпке баулу құралы» жобасын ұсынған болатын. Аталмыш жобаға биылғы оқу жылынан бастап жоспар құрылып, әртүрлі тәжірибеде шаралар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес шараның бірі барлық педагогтердің қатысуымен «Әсемдікі ұнатамыз» байқауы өткізілді.

Мақсаты: мақсатқа жету үшін бәсекелестікті қалыптастыру, құрақ өнерін кеңінен насихаттау. Құрақ өнері бөлмесінің материалдық базасын толықтыру. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар төрт топқа бөлініп, жарысқа түсті. Нәтижесінде құрақ өнері туралы көптеген мағұлматтар жинақталды. Байқаудың қорытындысымен үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталды.

 

 

«Құрақ құрау - бірігудің белгісі»

Түстерді танып, орналастыру арқылы әсемдікке үйрету, ауызбіршілікке, достыққа баулу.