ЯСЛИ-САД №56 «Жұлдыз»

Государственное коммунальное казенное предприятие на праве оперативного управления

Жаңалықтар

#кітапхана #балалар #жұлдыз #балабақша #тәрбиеші

1

Бордтағы элементтерді жылжыту арқылы бала өз денесін басқаруды үйренеді, саусақтарын жаттықтырады және нығайтад
Балаларды су асты әлемі мен су асты тіршілік иелерін: балықтар, тасбақа, сегізаяқ т.б таныстыру. Су әлемінің тіршілік иелерін іздеу арқылы берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға, белгілі бір мақсатқа жетуге машықтандыру, шығармашылығын дамытуға, білімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «№56 «Жұлдыз» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үшін жетістіктері мен ризашылығы мол 2023 жыл айтулы шығармашылық пен жаңарудың жылы болып есте қалды. Бөбекжайымызда жас ерекшелігіне сай жобалық қуаты – 320 орында 100% тәрбиеленушілермен қамтылған. 2-6 жас аралығында 12 топ мемлекеттік тілде жұмыс жасайды. Ұжымда 65 қызметкер жұмыс атқарады. Соның ішінде педагог саны – 35; 21 педагог жоғары білімді, 14 педагог арнаулы орта білімді. Басшы – ұйымдастырушы – 1 педагог, жоғары санатты – 5 педагог, І санатты – 4 педагог, ІІ санатты – 1 педагог, модератор – 5 педагог; Бөбекжай – жалпы білім беру жүйесінің алғашқы және өте маңызды баспалдағы болып табылады. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымының мақсаты: «Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып ұлттық мәдениет пен салт –дәстүрді бала тәрбиесінде кеңінен қолдану», «Ата – ананың мектепке дейінгі ұйыммен тығыз байланысын арттыру» «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс – әрекеттер бекітілді. Мекемедегі педагогикалық - ұйымдастыру шаралары: ертеңгіліктер, сауықтырулар, мерекелер, саяхаттар, тақырыптық іс-әрекеттер, т.б. жылдық жоспарға сай жүргізілді. Атап айтқанда, 2023 жылы қалалық, облыстық семинарлар өз дәрежесінде өтіп, «өте жақсы» деген бағаға ие болды; - «Жетістіктер апталығы»; - Қалалық семинар: "Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың маңыздылығы"; - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы: КТС "Мектепке дейінгі топтың заттық - кеңістіктік дамытушы ортасы. Педагогтің ойынды ұйымдастырудағы рөлі"; - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы. КТС "Ерте жастағы балалардың ойын әрекеттерін талдау"; - Қалалық семинар: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде Маңғыстау өңірінің құндылықтары мен өркениетін дәріптеу арқылы рухани – адамгершілік дағдыларын қалыптастыру» - Қалалық қауымдастық семинар: "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары" спикер тәрбиеші Кесикбаева А.М қатысты; 2023 жылы өткен іс – шаралар мен бөбекжай жетістіктері: - Қалалық байқау: "Оқушылар орталығы" КММ «Worldskills Aktau - 2023» чемпионаты аясында КММ "Babyskills"- "Ерте кәсіби бағдар беру; - Қалалық байқау: "Оқушылар орталығы" КММ "Babyskills"- "Ерте кәсіби бағдар беру мақсатында балабақша базасында ерте кәсіби сынамалар алаңын ұйымдастыру"; - Облыстық байқау: "Оқушы орталығы" КММ «Babyskills» жобасы Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен ерте кәсіптік бағдарлау жұмыстарының технологиясы мен әдістемесі; - Республикалық семинар: Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде "Worldskills стандарттарына негізделген «Babyskills», "Dalaskills"жобалары"; - Қалалық байқау: «Шымырлық пен шеберлік күні», «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» ІІ орын; - Қалалық байқау: «Шымырлық пен шеберлік күні», «Ханталапай», «Ең алғыр бүлдіршіндер» номинациясы; - Облыстық байқау: «Шымырлық пен шеберлік күні», «Әке көрген оқ жанар, Шеше көрген тон пішер» ІІІ орын; - Қалалық байқау: 2023 жылы «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалі «Ең көңілді бишілер» номинация; - Қалалық қауымдастық байқауы: «Жас толқынның жұлдыздары» шығармашылық би байқауы «Талантты бүлдіршіндер» номинациясы; - Қалалық сурет байқауы: "Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ "Актау, любовь и жизнь моя" сурет байқауы І орын; - Қалалық сурет байқауы: "Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ "Актау, любовь и жизнь моя" ІІ орын; - Қалалық байқау: "Менің елім-Қазақстан" патриоттық әндер сайысы ІІІ орын; - Қалалық байқау: Қалалық Этностардың (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларымен бірге қатысуымен «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы ІІ орын; - Қалалық байқау: "Әкем асқар тауым" бейнероликтер байқауы ІІ орын; - Облыстық байқау: Этностардың (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларымен бірге қатысуымен «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы; "Дәстүрін дәріптеген отбасы" номинациясы - Қалалық спорттық жарыс: «Мы дети Казахстана» ІІ орын; Бөбекжайымыз материалдық – техникалық базасы толықтырылды Бөбекжайдың материалдық базасына сатып алынған жабдықтар: - моноблок -3 дана; - принтер – 3 дана; - ноутбук -1 дана; - заманауи интерактивтік тақта; - кітапханаға арналған кілем; - этно бөлмесіне арналған кілем; - кітапханаға арналған планшеттер-3 дана. 2. Топтарға жүргізілген жұмыстар: - 12 топтың балаларға арналған киім ілгіш сөрелері жаңартылды; - 12 топтың қабылдау бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; - 6 топтың перделері жаңартылды; - 7 топқа жалюзи орнатылды; - 3 топтың жатын бөлмелеріндегі төсек орын жиһазы жаңартылды. - 6 топқа шаңсорғыш сатып алынды; 3. Жертөлеге жүргізілген жұмыстары: - жылу сорғыш құрылғысы орнатылды. 4. Асханаға сатып алынған негізгі құрал жабдықтар : - картоп тазалағыш машинасы; - өндірістік ет тартқыш; - өндірістік су қайнату қазандығы; - өндірістік қамыр илеу қондырғысы; 5. Топтарға сатып алынған негізгі құрал жабдықтар: - бөлме салқындатқыштары-13 дана; - ойын бөлмелеріне арналған кілем. 6. Кір жуу бөлмесіне сатып алынған негізгі құрал жабдықтар: - кір жуу машинасы-2 дана. 7. Музыкалық залға жүргізілген жұмыстар: -сахна және терезе перделері жаңартылды; -жалюзи орнатылды; -сахна кілемі сатып алынды. 8. Сурет салу кабинетіне жүргізілген жұмыстар: - сурет салу кабинетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9. Медбике кабинетінде жүргізілген жұмыстар: -медбике кабинетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; -құжат сақтауға арналған шкафтар сатып алынды; -дәрі-дәрмектер сақтауға арналған сөре шкаф сатып алынды; -жалюзи орнатылды; -медбикеге жаңа компьютер сатып алынды. 10. Дене шынықтыру залына жүргізілген жұмыстар: -дене шынықтыру залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; 11. Бөбекжай дәліздеріне жүргізілген жұмыстары: -перделер сатып алынды; -аспалы шамдар сатып алынды; -бөлме гүлдері сатып алынды; -«БИЗИБОРД» балаларға арналған қол моторикасын дамыту ойыншықтары жарға орналастырылды. 12. 2023 оқу жылында ашылған кабинеттер: - эстетикалық талғаммен және мобильді стендермен жабдықталған балаларға арналған заманауи кітапхана; - ұлттық нақыштағы этно бөлмесі; - сенсорика кабинеті. ​Жоғарыда аталған жұмыстар бүгінгі таңда бөбекжай өмірінің сапалы әрі заманауи жаңашыл болуы жолындағы ізденістердің көрінісі және алдағы уақытта да ауқымы кеңейіп, өз жалғасын таба береді. Келер жылға сәттілік тілейміз!
«Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде Маңғыстау өңірінің құндылықтары мен өркениетін дәріптеу арқылы рухани – адамгершілік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық мобильдік топ жоспары бойынша әдістемелік семинар өтті. 📌 «Мұнайлы өлкем - Маңғыстау»ұйымдастырылған кешенді іс-әрекет (МАД тобы) Аминова Кумисай Мустафаевна, Муналбаева Алима Муналбаевна (мұнайшы). 📌 «Теңіз – тіршілік көзі» ұйымдастырылған кешенді іс-әрекетті (ересек топ) тәрбиешілер: Тасеменова Венера Сансызбаевна, Калинбаева Галия Арыстановна өткізді. 📌 «Туған жерге сазды тарту» музывкалық іс-әрекеті (МАД тобы) Музыка маманы: Акмурзаева Т.К, Хореограф: Бекмурзаева Ж.С
Жетекшісі: Аймуратова Н.Ж. Тәрбиеленуші: Бүркітәлі Ақарыс Қалалық «Шаңырақ» бейнеролик байқауы II орын🥈 Жетекшісі: Аминова К.М Тәрбиеленуші: Шәудірбай Айқын

1 1

Бөбекжайымыздағы “Әкем менің - асқар тау” атты отбасылық бейнеролик шарасы.Бөбекжайымыздағы “Әкем менің - асқар тау” атты отбасылық бейнеролик шарасы.  Бейнероликте бокстан әлем чемпионы Джаңабергенов Ердос Үсенұлы “ТОО Маңғыстау” бокс клубының директоры.