ЯСЛИ-САД №56 «Жұлдыз»

Государственное коммунальное казенное предприятие на праве оперативного управления

Маңғыстау – табиғаты әр алуан, шөлді өлкеге тән аптапты ыстық жазы, солтүстікке тән қатаң аязды, өткір желді қысы бар, сусылдаған құмы мен сылдырлап аққан бұлағы қатар кездесетін таңғажайып өлке. 

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес, балаларға жүздеріне күлкі, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қаламызға 18 ақпанда көптен күткен ақ ұлпа қар айналаға сән берді. Осы кезде мына өлең жолдары есімізге түседі.


Аяз қысып өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.


Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады? - деп бөбекжай бүлдіршіндерімен серуенге шықтық. Жүздері күлкіге толы балалар бейне бір қыстың суығымен емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанды.