ЯСЛИ-САД №56 «Жұлдыз»

Государственное коммунальное казенное предприятие на праве оперативного управления

04 ақпан 2021 жылы бөбекжайымызда “Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту” тақырыбымен педагогикалық кеңес өткізілді. Мақсаты: Балабақшада қолдануға тиімді ойындар арқылы оқыту технологиясын дамыту.

Күн тәртібінде “Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту” тақырыбымен тәрбиеші Уразбаева Ж.Б баяндама жасады. “Театрландырылған ойындар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту” тақырыбымен тәрбиеші Кесикбаева А.М презентация өткізді. “Баланың дені сау болу үшін не көмектеседі?” тақырыбымен тәрбиеші Сыдықова Н.А дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар педагогикалық кеңестің ашық оқу қызметтерініне талдау жасалды. Балабақшада балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту арқылы оқу-тәрбие жұмыстары жаңа стандарт талаптарына сай әзірленуді, методикалық талапқа сай жүргізуді, барлық топ жас ерекшелігіне сай қуаршақ театрын жасақтауды және толтыруды, әр педагог бала өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, методикалық талапқа сай әрекет етуге шешім қабылданды. Педагогикалық кеңес өз деңгейінде өте жақсы деп бағаланды.