ЯСЛИ-САД №56 «Жұлдыз»

Государственное коммунальное казенное предприятие на праве оперативного управления

1 Қыркүйек – Білім күні

 

Балаларға білім алудың қуанышты әрі маңызды екенін түсіндіру; Балабақша өміріне қызығушылықтарын ояту, тәрбиешімен және топпен таныстыру; Жаңа оқу жылының басталуына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

   

 

Тілдер мерекесі – Тілдер тазалығы

 

 Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.Балалардың сөздік қорын байыту.

Сауатты, таза сөйлей білуге үйрету.

 

 

Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

 

Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік қалыптастыру. Елтаңба, Ту, Әнұран секілді мемлекеттік рәміздерді таныту.  Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

 

 

 

Жаңа жыл мерекесі

 

Балаларға жаңа жылдың келуін қуанышпен қарсы алуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту (би, ән, ертегі кейіпкерлері).

 

 

 

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

 

Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың достығын түсіндіру.  Балаларға бейбітшілік пен келісімнің құндылығын ұғындыру.