Педагог білімін жетілдіру
Worldskills стандарттарына негізделген «Babyskills» және «Dalaskills» жобалары арқылы балалардың ерте жастан кәсіптік бағдарын айқындау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесін жетілдіру. Білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу.
Абильханова Айгул Амантаевна «Worldskills қозғалысы жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» республикалық семинар-практикумында өз тәжірибесімен бөлісті
Әжемнің ертегісі
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» бөбекжайымызда биыл 2024-2025 жылында «Әжелер мектебі» клубының жоспары құрылды. Бұл жобаның мақсаты балаларды ертегіні тыңдай отырып, балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттап баланың бойына ерте жастан еңбекке тәрбиелеп және үлкенге құрмет көрсетуге, отаның сүюге, достыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
«Бауырсақ» ертегісі
Әжеміздің қиялынан туған заманауи «Бауырсақ ертегісі»
Бесік жыры – бар тәлімнің бастауы
Бесік жыры - тек әуен емес, ол – тәлімнің, тәрбиенің, ұлттық дүниетанымның бастауы. Осы жырлармен өскен ұрпақ ана тілін, мәдениетін, елін құрметтеуді үйренеді.
Әжелер сөзі – тәрбие көзі
Әже – мейірім мен даналықтың, шексіз махаббат пен өмірлік тәжірибенің кәусар бұлағы. Оның әрбір айтқан сөзі – жүрекке жылы, санаға сәуле құятын тәрбие мектебі. «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» деген нақылдың төркіні де осында: олардың ақылы – ұлттың ұлағаты, үні – ұрпақтың бағдары.
«Әжелер ертегісі» клубы мүшелері
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құрылған әжелер клубы. «Әжелер ертегісі» клубы мүшелерінен сазды әуен.
«Кітаппен дос болайық» акциясы
Балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.