«Мен зерттеушімін» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, қарапайым зерттеу дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаға бақылау жасауды, тәжірибе арқылы үйренуді дамыту, балалардың ойлау, салыстыру, талдау қабілеттерін жетілдіру және зерттеушілік әрекетке қызығушылығын ояту.
«Мен зерттеушімін» қалалық байқауы №56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогі Максимова Гауһар Серікқызы мен бөбекжай тәрбиеленушісі Жуманазарова Гулаш қалалық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
«Айгөлек» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетке баулу, ұлттық өнер мен дәстүрге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың өзін еркін сезінуіне және жан-жақты дамуына жағдай жасау.
«Айгөлек» №56 «Жұлдыз» бөбекжайының музыка маманы Акмурзаева Татьяна Коспаевнамен бірге Казихан Көзайым қалалық кезеңнен «Үздік әнші» номинациясын иеленді.
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің бірлігі мен шығармашылығын насихаттау, ата-ана мен баланың арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балаларды еңбексүйгіштікке, қолөнер мен шығармашылыққа баулу арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу және мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру.
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қалалық байқауында №56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогтері Акмурзаева Татьяна Коспаевна, Тасеменова Венера Сансызбайқызы және бөбекжай тәрбиеленушісі Уәли Бексұлтан қалалық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
«Ханталапай» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазақтың ұлттық ойындарын таныстыру, олардың дене қимыл-қозғалысын, ептілігін, шапшаңдығын дамыту, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру және салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
«Ханталапай» ұлттық ойынынан №56 «Жұлдыз» бөбекжайының педагогтері Қаршығаева Гулменнұр Қажмұханқызы, Рамадинова Меруерт Қуанышовна және бөбекжай тәрбиеленушілері Жедибай Сарин Саламатұлы, Берікқызы Аяна, Гилман Рамина Ерболатқызы, Қуаныш Айтоты Мерекеқызы, Қыдыржан Дина Ардаққызы, Ғабит Байжан Бақытжанұлы, Буркіталы Ақарыс Дастанұлы, Сағидолла Олжас Маратұлы қалалық және облыстық кезеңнен І орын, Республика кезеңнен І орын иеленді.
«Өнерім саған - Қазақстан!» байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру, өнер арқылы мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
«Өнерім саған – Қазақстан» обасылық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжайының музыка маманыАкмурзаева Татьяна Коспаевамен бірге Исағали Айсана қалалық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
«Шаңырақ» отбасылық байқау
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге сүйене отырып, бала тәрбиесінде отбасының рөлін арттыру және ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
«Шаңырақ» обасылық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжай педагогі Сыдыкова Нурзада Аблаевна мен тәрбиеленуші Қайыржан Алхамбек еркебұланұлы қалалық кезеңнен І орын иеленді, облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
“Қазақшаң қалай, балақай?” байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілін меңгеруге ынталандыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту және тіл үйрену үдерісінде шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
“Қазақшаң қалай, балақай?” атты қалалық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжай педагогі Тасеменова Венера Сансызбайқызы мен бөбекжай тәрбиеленушілері қалалық кезеңнен ІІ орын иеленді, облыстық ІІІ орын иеленді.
“Менің қауіпсіз әлемім” байқауы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіздік ережелері туралы түсінігін қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған мінез-құлық дағдыларын дамыту, қоршаған ортада қауіпсіз әрекет ету мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ тәрбиешілер мен ата-аналардың балаларды қауіпсіздікке баулу ісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
«Менің қауіпсіз әлемім» атты қалалық байқауынан №56 «Жұлдыз» бөбекжай педагогы Мұратбаева Меруерт Мәлікқызы ІІІ орын иеленді!
Маңғыстау облысы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған Республикалық біліктілікті арттыру курсының әдістемелік семинар-практикумы
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа бағыт, жаңа көзқарас" тақырыбындағы қалалық форумының секциялық алаңы
Қалалық "Құрақ өнері" шеберханасының жұмыс жөніндегі жобаны іске асыру бойынша әдістемелік семинары
«Ұлттық қолөнерді мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастан үйретудің тәрбиелік маңызы» тақырыбындағы облыстық семинар
"WorldSkills Aktau 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуына "BabySkills" фестивалі
«Мектепке дейінгі білім беру үдерісндегі білім беру сапасын арттырудың инновациялық техгнологиялары» тақырыбындағы қалалық қауымдастық семинары
"Дәстүрдің дара жолы - әжелер мектебі"
«Әжелер клубының» мүшесінің қатысуымен
"Мақсатымыз - баланың жүрегіне жарық сыйлау"
Мектеппен сабақтастық арасындағы шебер сынып
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы "BabySkills-2025" қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық құндылықты ойын арқылы дамыту» тақырыбындағы қалалық құзыреттілік семинары